Президент Тоқаев Ақтаудың түркі әлемінің мәдени астанасы болуымен құттықтады
Каспийдің жағасында үлкен тарихи оқиға – «Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының ресми ашылу салтанаты өтті
Бұл мәртебелі шараға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдап, оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент өз құттықтауында Ақтаудың мұндай мәртебеге ие болуы – тек Қазақстан үшін ғана емес, күллі түркі дүниесі үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, түркі халықтарының ынтымақтастығына ұйытқы болып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және осы ауқымды жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан барлық тараптарға алғыс білдіріп, түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін деген ізгі тілегін жеткізді.
Ауқымды жиынға Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Венгриядан мәртебелі меймандар келді. Қарт Каспийдің жағасындағы думанды кешке 30 мыңға жуық көрермен жиналды. Олардың қатарында аймақ тұрғындары, еліміздің өзге өңірлерінен және шетелдерден келген қонақтар болды.
Айта кетейік, шараға 5 елден келген делегацияларды қоса алғанда, 30 мыңға жуық адам жиналды.