Қазақстандық картина халықаралық фестивальде «Үздік азиялық фильм» атанды

0

Бангладеште өткен Cinemaking International Film Festival халықаралық кинофестивалінде қазақстандық «Қыз бен теңіз» көркем фильмі «Үздік азиялық фильм» номинациясын жеңіп алды.

«Қыз бен теңіз» фильмінің режиссерлері — Әзімжан Заиров пен Мұхаммед Мамырбеков.

«Cinemaking International Film Festival халықаралық кинофестивалінің қорытындысы бойынша картина «Үздік азиялық фильм» номинациясын жеңіп алды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, кинофестивальға 50 елден 150-ге жуық картина қатысқан», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қыз бен теңіз» фильмін «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Жаңа әлем» АРДИ видеостудиясымен бірге түсірген.

 

Tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.