Қос ғалымның мерейтойы аталып өтті

10

Жуырда Алматы қаласындағы Әл-Фараби кітапханасында қазақтың қос айтулы азаматы, белгілі ғалымдар Мекемтас Мырзахметұлы мен Оразақ Смағұловтың 90 жылдық мерейтойы аталып өтті. Айтулы жиынға  Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев, ҚР Мәдениет министрі А.Райымқұлова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық унисерсиетінің ректоры Т.Балықбаев, Ұлттық ғылым Академиясының президенті М.Жұрынов және басқа да көптеген зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мерекелік шараны халықаралық Түрік академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды.  Кеш қонақтары қос ғалымның қазақ ғылымы мен мәдениеті жалпы рухани саласына қосқан елеулі үлесі мен азаматтық істері жайлы кеңінен сөз етті.

Кітапхана ұжымы қазіргі бас абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлының шығармаларынан үлкен көрме ұйымдыстырған екен. Оған ғалымның «Абайтану» атты он томдық кітабы да қойылған. Жиын соңында Түрік академиясы басып шығарған ғалым Мекемтас Мырзахметұылының  «Абайдың шығыс әлемі» атты туындысының тұсаукесер рәсімі өтті.