Сары ақынның сағынышы

0 229

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ақын, бірнеше мүшайралардың жеңімпазы Наурызбек Саршамен «Сары ақынның сағынышы» атты онлайн поэзия кеші өтті.
Кеште жас ақын шығармашылығындағы өзгерістерді айтып, өлең өлкесінен жырақтап жүргенін, осы жылдарда журналистикаға ден қойып, «Аристократ» атты журнал шығарып жатқанына тоқталды.
Өлеңнің құрылысы, ұйқасы туралы ойымен бөлісіп, жас ақындардың шығармашылығы туралы ой қозғап, аға буын өкілдерінен үлгі тұтатын азаматтары, олардың шығармашылығын айтып, ағаларының өлеңдерін оқыды.
Кездесу барысында журналист ретінде қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға азаматтық позициясын танытып, ұлтының демі тартылғанда ұл болып өлең шығара алмағанын, бір туындының дүниеге келетініне айтып өтті.
Жеке қызуғушылықтарын атап, бала жастан күрестің кілемшесінде өскенін, спортпен жиі айналысатынын, бос уақытындағы ең сүйікті ісі кино көру мен кітап оқу екенін айтты. Оқырмандарға бірнеше киноларды көруге, кітаптарды оқуға ұсыныс айтып, тізімін ұсынды. Әлемдегі мықты режиссерлардың аттарын айтып, киноларындағы психологиялық, әлеуметтік оқиғалардың желісіне тоқталды.
Оқырмандардан түскен онлайн сұрақтарға жауап беріп, биік адамгершілік пен парасат, ар-ұждан, достық жайлы терең әңгіме өрбітті.
Биік құндылықтары мен мейірімділікті, адалдықты жырлаған жас ақынның шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.