Мәдениет

Ұшақта төбелес шығарған Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған

Ұшақ бортында жолаушымен төбелескен Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Танымал әнші Қайрат Нұртас Алматыдан Астанаға бет алған ұшақтың ішінде бейбастақ жасаған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің телеграм арнасында жазды. Оның сөзінше, әнші Асылбек Бекқайыров есімді жолаушымен төбелесіп, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. 
Осылайша әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұдырықтасқан екеуді бөлімшеге алып барған. Онда Қайрат Нұртасқа құқық бұзушылық - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайта жасалған ұсақ бұзақылық секілді екі әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, Асылбек Бекқайыровқа да хаттама жасалыпты. 
Еске салайық,  бұған дейін өнер иесі сахнада боқтық сөз сөйлегені үшін айыппұл арқалаған еді. Қос құқық бұзушылық үшін Қайрат 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алыну қатері төнген.