Сұлутөрдің «Достық шыңы»

0 42

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбай­ұлының 175 жылдығына және Конституцияның 25 жылдығына орай Жамбыл облысы, Жам­был аудандық «Жастар ресурстық орта­лығы» мен «Геккон» спорттық-туристік клубы «Дос­тық шыңы» деген атаумен альпиниада ұйымдастырды.

Мұндағы мақсат – киелі Әулиеата өңірінің туризм саласын дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және достық қарым-қатынасты нығайту. Аталған іс-шараға жамбылдық еріктілер қатысты. Олар Т.Рысқұлов ауданының аумағында орналасқан Батыс Тянь-Шаньның Қырғыз тау қыратында болып, биіктігі 3817 метр­ге жететін Сұлутөр шыңын бағындырды. Сөйтіп Сұлутөр маңындағы шыңдарға еліміздегі ұлтаралық достықты нығайту үшін «Достық шыңы» атауын берді.

Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталы­ғының» директоры Маханбет Рахымжановтың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастар арасындағы достықты нығайтып, еліміздің тарихи құндылық­тарын насихаттауда ерекше рөл атқарады. Альпи­ниаданың соңында «Достық шыңын» бағындырған бірқатар жастарға сертификат табысталды.

 

Жамбыл облысы

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.