Таразда Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толуына орай семинар өтті

30
Тараздағы Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толуына орай семинар өтті.
Семинарды орталықтың директоры Сауран Қалиев ашты. Ол Қазақ хандығының саяси-экономикалық дамуы мен мәдениетінің қалыптасуына, және сол қазақ хандығының тұсындағы қалалардың зерттелу тарихына тоқталып өтті.
Сондай-ақ орталықтың ғылыми қызметкері Жалғас Орынбасар қазақ ханы Кенесарының тарихына байланысты өз ойын көпшіліктің алдында баяндады. Оның айтуынша «Кенесары Қасымұлының көтерілісі» деген атау дұрыс емес, бір елдің басшысы екінші елге көтеріліс жасауы мүмкін емес. Сондықтан бұл атауды алып тастап, «Отан соғысы» деген атпен тарихқа енгізу керек деген пікірін ортаға салды.
Семинар барысында мәдениет басқармасының ақпараттық бөлімінің қызметкері Ғалия Абылай Меркі ауданындағы Кенесары ханның ескерткіші төңірегіндегі праблемаларға байланысты облысымыздағы ескерткішті қорғаумен айналысатын мекеменін қызметкерлеріне сауал қойып, алдағы уақытта хан Кененің ескерткішіне назар аудару керек екеніне тоқталып өтті. Семинарды ҚР журналистер Одағының мүшесі, орталықтың меңгерушісі А.Шайділдаев жүргізіп отырды.

 

Мадияр Ералыұлы