Таразда Сергей Есениннің мерейтойы аталып өтілді

41

Таразда Сергей Есениннің мерейтойы аталып өтілді. Поэзия кешін Жамбыл облысының «Радонеж» орыс қауымдастығы ұйымдастырды.

Биылғы Сергей Есениннің 125 жылдығына арналған поэзия кешіне Тараз қаласының мектеп оқушылары, колледж студенттері мен мұғалімдері, этникалық бірлестіктердің өкілдері, жалпы поэзиясүйер қауым қатысты.

Тараздағы Есенин оқулары он жылдан астам уақыт дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ақын ескерткішінің алдына жиналған қауым өнер көрсетті. «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы, «Калинка» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі Владимир Сорокиннің жетекшілігімен Есениннің халық әндеріне айналған өлеңдері де орындалды. Шараға барысында Владимир Сорокин:

– Есениннің өлеңдерінде оның Отанға деген сүйіспеншілігі бейнеленген. Оның мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы өлеңдері әрбір жүрекке жақын. Есениннің шығармалары бүгінде әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Міне, бүгінгі Есенин оқулары қаламыздағы поэзияға құштар жандарды жинай білді, – деп өз ойын білдірді.

Жыл сайын мектеп оқушылары осындай әдеби оқуларға белсене қатысады. Өскелең ұрпақтың көркем әдебиетке деген ынтасы да зор.

Поэзия кешінде тек өлеңдер ғана оқылып қоймай, ақын ескерткішіне гүл шоқтары да қойылды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы