Түркияда «Абай» телехикаясы көрсетіледі

0

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап түсірген «Абай» тарихи телехикаясы Түркияда көрсетілмек.

Телеарна мәліметінше, Түркияның мемлекеттік «TRT» телерадиокорпорациясы өз арналарында «Абай» телехикаясын көрсетуге қызығушылық танытқан. Қазір екі арна арасында келісім жасалуда. ⠀

«Сонымен бірге сериалға ТМД-дағы ең үздік онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасы қызығушылық білдіріп отыр. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде», деді телерадиокорпорацияның баспасөз қызметінен.

6 бөлімді телехикая ағылшын және орыс тілдіріне де аударылып жатыр. «Абай» телехикаясы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. Туындының режиссері – Мұрат Бидосов.

Телехикаяға жазушы-драматург Дулат Исабеков кеңесшілік етті. Басты рөлді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.