Ыстамбұлда әулиеаталық жас ақынның жыр жинағы жарық көрді

53

Күні кеше әулиеаталық жас ақын Файзулла Төлтайдың «Қос есікті түстер» атты тырнақалды жыр кітабы Ыстамбұл қаласынан жарық көрді.

Өзбекстанның эмиграциядағы диссидент ақыны, қазіргі таңда Норвегия азаматы Мұхаммед Салықтың алғысөзімен басылған бұл кітаптың тоқсан пайызға жуығы соңғы екі жылда жазылған өлеңдерден тұрады.

«Maur» баспа үйінен басылған өлең жинағы автордың өз қаражатына 500 данамен шығып отыр. Мұқабасын Тілек Ырысбек, ішкі дизайнын Досхан Жылқыбай әрлеген. Жас ақынның шығармашылығына толағай табыс тілейміз.

egemen.kz