Мәдениет

Жамбыл облысында туған Қазақстанның Еңбек Ері Ілия Жақанов 88 жасқа толды

Ілия Жақанов Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Бүгін жазушы, композитор, көсемсөзші, суретші, этнограф, музыкатанушы, аудармашы Ілия Жақанов 88 жасқа толды, деп хабарлады jambylinfo.kz.

Ілия Жақанов 1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданында, Ақтоғай аулында дүниеге келген. Ілия Жақанов Атырау облысының, Жамбыл облысы Сарысу ауданының, Атырау облысы Ақжайық ауданының құрметті азаматы.

Ілия Жақанов С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. ҚазССР Министрлер Кеңесінің теледидар мен радио жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып қызмет атқарды.

"Алматы кешінде", "Асылым", "Жайлаукөл кештері" және т. б. әндердің, "Екі жирен", "Бірінші концерт" әңгімелер жинағының, "Аққулар қонған айдын көл", "Ықылас" романының музыка және музыканттар туралы зерттеулердің авторы.