Жамбыл: Қоңыртөбе ауылында жаңа мешіт ашылды

0 131

Бүгін Жамбыл ауданы Қоңыртөбе ауылында жаңа мешіт есігін ашты. Салтанатты шараға облыстан келген арнайы қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында «Айша бибі» мешітінің имамы Тәжібаев Қатарбай Құран оқып, күмбезді мешіттің шырайын келтірді. Мешіттің лентасын қию құрметі ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Шайқорық ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбаев Орынбайға берілді.

Бас имам өз сөзінде мешіт салудың сауабы жайында тілге тиек етіп, үлес қосқан азаматтарға алғысын жеткізді. Сонымен қатар мешітке Алланың кәләмін сыйға тартты. Ауданның бас имамы Ғарифулла Әмірбеков: «Әсем де зәулім мешітті тұрғызуға ат салысқан ел ағаларына, демеушілерге деген ауыл тұрғындарының алғысы шексіз. Жасап жатқан еңбектеріне табыстар тілеп, абырой биігінде жүре берулерін ниет етейік» — деп атап өтті. Салтанатты рәсімнен соң жамағат ішке кіріп, құран бағыштап, сәлем намазын оқыды.

muftyat.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.