Жамбылдық жас режиссерлар үздіктер қатарында

0 97

10-17 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық балалар мен жасөспірімдердің кинофестивалінде Жамбылдық 4 оқушы жеңімпаз атанды.
«Қазақстан балалары шексіз әлемде» кинофестивалі биылғы жылы онлайн форматта өткізілді. Кино фестивалінің қатысушылары бұған дейін аудан-қалалық және облыстық кезеңдерде іріктеуден өткен. Байқауға бас-аяғы 170 оқушының туындылары ұсынылды.
Үміткерлер деректі кино, ойынды кино, stop-motion-видео, әлеуметтік жарнама, анимация, видео-арт, киножурнал, музыкалық фильм, ең үздік операторлық жұмыс сынды 9 жанрда жұмыс тапсырған. Ережеге сай, қатысушылар цифрлы технологияның көмегімен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқаметражды фильмдерін ұсынды.
Фестиваль нәтижесінде видео-арт номинациясы бойынша І орынды «Жамбыл дарыны» орталығының тәрбиеленушісі Жатқанбай Мағжан, деректі кино номинациясы бойынша ІІ орынды Жамбыл ауданындағы А.Макаренко атындағы орта мектебінің оқушысы Жамбыл Мағжан және ойынды кино номинациясы бойынша ІІ орынды Т. Рысқұлов ауданындағы Алғабас орта мектебінің оқушысы Жақаш Ерболат, ал киножурнал номинациясы бойынша ІІІ орынды «Жамбыл дарыны» орталығының тәрбиеленушісі Жанат Сафура жеңіп алды.
Айта кету керек, режиссерлік және актерлік шеберлігімен ерекше көзге түскен жамбылдық жас киногерлер жалпы командалық есепте ІІ орыннан көрінді.
Алдағы уақытта білім шыңына ұмытылған Жамбылдық жас жеткіншектерге шығармашылық табыс тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.