Мәдениет

Жас композиторлар  Олимпиада ойындарына қатысушыларға күй арнады

Олар «Намыс» күйін өздері шығарған

Қарағандылық жас композиторлар Жәнібек Қазбекұлы мен Бексұлтан Имашев Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан қатысып жатқан спортшыларымызды қолдау мақсатында "Намыс" күйін шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Музыканттардың айтуынша, бұл күй жастарымыздың патриоттық рухын көтеру үшін шығарылған.

 


Олар ел намысын қорғап, Қазақстан туын көтерген Елдос Сметов, Назым Қызайбай, Нұрбек Оралбай, Нариман Құрбанов, Демеу Жадыраев, Гусман Қырғызбаев, Александра Ле және Ислам Сәтбаевқа "Намыс" күйін арнады.