Жазушылардың қаламақысына қазына қаржысынан 300 миллион теңге бөлінуде

55

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу бағыты бойынша шығарма авторларына төленетін қаламақыға жыл сайын 300 миллион теңге қаржы қарастырылған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Мәселен, министрлік дерегінше, 2019 жылы қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алуда 256 264 800 теңге қаржы жұмсалған.

2020 жылы сатып алынатын әдебиетке жұмсалатын қаржы мөлшері Қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктейтін, Үкімет жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия отырысынан кейін белгілі болмақ. Бұл отырыс, мысалы, биыл 25 желтоқсаннан кеш өткізілмеуі тиіс.

Сыйақы мөлшері авторлық баспа табақта және әр жыл сайын алты ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 255 000 теңге мөлшерінде есептелмек.

«Осы орайда сатып алынатын шығармалар прозада 40 мың белгіге, поэзияда 700 өлең жолдарына тең. Фотоальбом, сурет-альбом және кітап-альбомдар PDF (ПДФ) авторлық баспа табақта есептеледі, қайсысы көркемдеу немесе басқа да бейнеленген материалдың 3000 шаршы сантиметр суретті көлеміне тең», – дейді министрлік өкілдері.

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу бағытына іріктеуге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері әр шығарманың құндылығы, маңыздылығы мен сатып алу қажеттігін қарастыратын Сараптама комиссия мүшелеріне оқуға берілуде. Аталған көмиссия мүшелері белгіленген шарттарға сай сараптама жасай отырып, қорытынды жасауы тиіс. Аталған тұжырымдар Ведомстваралық комиссия отырысына ұсынылады. Нәтижесінде сатып алынатын кітаптар тізімі анықталады.

Іріктеу келесі әдебиет түрлері бойынша жүргізілуде:
1) энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет;
2) балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет;
3) мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды);
4) көркем әдебиет;
5) танымдық әдебиет;
6) қоғамдық-саяси әдебиет;
7) ғылыми-көпшілік әдебиет;
8) аударма әдебиет;
9) мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет.

Басты қойылатын талаптар ұсынылған шығарма бұрындары басылып шығарылмаған болуы қажет.

Министерліктегі Тіл комитетінің сендіруінше, авторларға алдын ала тапсырыс берілмейді. Атап өтерлік жайт, мемлекеттік қолдаумен жарыққа шығарылған кітаптардың басым бөлігі қазақ тілінде болып отыр.

Сонымен қатар, дерекке сенсек, жыл сайын Қазақстан жазушылар одағы тарапынан аймақтардағы қаламгерлердің кітаптары ұсынылуда. Бұл тұста, редакция төменде беріп отырған тізімде Одақтың басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің, оның бірінші орынбасары Ақберен Елгезектің кітаптары мемлекет тарапынан шығарылып, таратылғанын, авторларына ақысы төленгенін байқауға болады.

«Жоғарыда көрсетілген республикалық бюджеттік бағдарлама аясында жарық көрген кітаптар республикалық, облыстық және аудандық мемлекеттік кітапханаларға таратылады. Сонымен қатар аталған кітаптардың электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының сайтына, сондай-ақ 2007 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана жанында құрылған Қазақ ұлттық электронды кітапханасының базасына жүктеледі. Олар кез-келген оқырман үшін қолжетімді», – деп түйіндейді жауапты Мәдениет және спорт министрлігі.            

                                          

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия іріктеуінен өткен  2017 жылғы шығармалар тізімі

 № р/с  Шығарманың атауы  Авторы  Тілі   
1 Тойбек Жұлдыз Райымбекқызы «Кеудеме көкала үйрек келіп қонса» қазақ
2 Алмашев Жолтай Алмашевич «Бесік ұшқан күн» қазақ
3 Ниязбек Рапилбек (Рафаэль) «Арғымақтар даласы» қазақ
4 Утегенов Айтуар Оспанович (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Шерқала» қазақ
5 Омарбеков Талас (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Қазақтың шығу тегі» қазақ
6 Аширов Ахмет Аксупиевич «Баурчук Арт Текин» орыс
7 Мельдешов Галымжан Сарсенбаевич «Журналист жолға шықты» қазақ
8 Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы «Қыш тақтадағы сына жазу» қазақ
9 Жиенбай Қуаныш «Күздің жылы жаңбыры» қазақ
10 Қуандық Түменбай (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Жасыл жанып тұрғанда» қазақ
11 Ергөбек Құлбек Сәрсенұлы «Баянсөз» қазақ
12 Кептербаев Айбат (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Көктемнің мөлдір тамшысы» қазақ
13 Аупбай Жанболат Алиханұлы «Табиғат терезесі» қазақ
14 Тоқсанбай Қарашаш Әмзеқызы «Сыр-сымбат» қазақ
15 Нурахунов Тельман Шамахунович «Қанлиқ өстәң»
16 Бамыш Бахытбек (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Сөз мәйегі» қазақ
17 Ыбырайым Толымбек Сылдырбайұлы «Тағдыр сыйы» қазақ
18 Әлімжан Елен Абдуатұлы (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Анажар» қазақ
19 Тұяқбай Төрегелді Рахманбердіұлы «Төрт тоғыс» қазақ
20 Әріп Ғалым Бисембіұлы (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Дыбыстар дірілі» қазақ
21 Кожахметов Капез Даулетбекович «Қаламгер әулеті» қазақ
22 Куантаев Нуржан Куантайулы «Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөзі» қазақ
23 Естенов Арасанбай Жексенбекович «Көне кенттер күмбірі» қазақ
24 Койшибаев Бейбут Орынбекович «Тарих және тұлға» қазақ
25 Жуманова Заря Амировна «Ақбота» қазақ
26 Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Жолы болған жолаушы» қазақ
27 Ахмет Дәнеш  Қашағанұлы «Бүлдірген қалың шыққан» қазақ
28 Уркимбаева Нурлытай Ушпаевна (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Мен сырласамын» қазақ
29 Усенбаев Болат Ашимович «Күрең күз» қазақ
30 Телеуова Зияш «Құлаған үйдің құпиясы»
31 Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы «Жарық сәуле» қазақ
32 Оразов Нургали Балтакараевич «Аппақ бұлт»
33 Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы «Сенім» қазақ
34 Байхонов Серикбай Муслимович «Алтай асу» қазақ
35 Ахмадиев Жанат (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Қазымбет қазы» қазақ
36 Майбас Төрехан Әкімжанұлы (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Мыңқыш» қазақ
37 Қорғасбек Жүсіпбек Нұрақынұлы (Мустафаев Ерлан Халилович (сенімхат) «Мехнат һәм хикмет» қазақ
38 Мамесейіт Тұрлыбек Ілиясұлы «Месть беркута» орыс
39 Обаев Исмухан Несипбаевич «Бәрі…бәрі…есімде»
40 Еркимбеков Серик Жексембекович «Оркестровка оперы             М. Тулебаева «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
41 Кулбаев Абай Игиликович «Легенда Степей» (Карасай Батыр) (пьеса) орыс
42 Мұқан Аманкелді Оразбайұлы «Театрда туған толғамдар» қазақ
43 Шамахай Қуандық «Найзағайлы жылдар жаңғырығы» қазақ
44 Мырзабек Амангелді Кеңшілікұлы «Әлем әдебиетінің әңгімелері « қазақ
45 Далбағай Гүлфайраз Есімханқызы «Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия» қазақ
46 Спанкулова Ляззат Сейтказиевна «Экономикалық этюдтер» қазақ
47 Жүністегі Кәмел (сенімхат Құралбаев Нүркен Сүйебекұлы) «Великий сын степи Едиге» орыс
48 Бодаубай Болат «Тайна старой тетради» орыс
49 Дандай Ысқақұлы (Жолдыбай Орынбек Ендібайұлы – сенімхат) «Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы» қазақ
50 Байпаков Карл Молдахметович, Воякин Дмитрий Алексеевич, Сейткалиев Мейрам Казиевич «Жетытобе: Курганы сакской знати в долине реки Талас» орыс
51 Гаркавец Александр Николаевич «Великая Степь в античных и византийских источниках» орыс
52 Гаркавец Александр Николаевич Codex Cumanicus орыс

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия іріктеуінен өткен  2018 жылғы шығармалар тізімі

 р/с  Авторы  Атауы  Тілі
1 Әбіл Қонысбай Іскендірұлы «Жадымдағы жазбалар» қазақ
2 Кайыркен Турсынхан Законулы «Атилла» қазақ
3 Мәжит Марат Кәрімұлы «Бәйшешек жапырағы» қазақ
4 Қайрат Раев «Алаштың арда ұлдары» қазақ
5 Шамахай Қуандық «Шөлейт жақта» қазақ
6 Мырзабек Амангелді Кеңшілікұлы «Шеберлік пен шындық» қазақ
7 Есенқарақызы Ханбибі «Эсселер» қазақ
8 Кәрімхан Заңғар Тілеуғазыұлы «Дүние шыр айналса» қазақ
9 Смайыл Қалкен «Аралбай батыр – Таңсұлу Ана» қазақ
10 Кумисбаев Шакен «Қылмыскер құтылмайды» қазақ
11 Омаров Бауыржан Жұмаханұлы «Бақ қонған бәйтерек» қазақ
12 Мамырбаева Дильдар Джанысбаевна «Сағыныш – сағым ғұмыр-ай» қазақ
13 Ашикбаев Ертай Ахатович «Фридрих Шиллер. Жарық пен жылу» қазақ
14 Нұржан Светқали «Генрих Гейне. Теңіздегі дауыл» қазақ
15 Бөпежанова Әлия Қахарманқызы «Мұнара» қазақ
16 Алмашев Жолтай Алмашевич «Қазаққа айттым, қайтемін» қазақ
17 Рамазан Думан Әмірғалиұлы «Пешене» қазақ
18 Найманбай Айнұр Рахымбердіқызы «Көркемдік көкжиегі» қазақ
19 Асанов Болат «Ең әдемі құс қайсы» қазақ
20 Рысбек Қыдрбек Әділбекұлы «Саңлақ» қазақ
21 Ысқақұлы Дандай «Мағжан – поэзия падишасы» қазақ
22 Куанышова Гулимай Абишовна «Күрең мұң» қазақ
23 Ақсұңқар Серік «Уа, Ақсораң» қазақ
24 Медетбек Темірхан «Аудармалар» қазақ, орыс
25 Масимханулы Дукен «Сап, сап көңілім» қазақ
26 Тажмагамбетова Макпал Мазаковна «Ақ қанатты періште» қазақ
27 Алимжанов Баянгали Токанович «Көкжиек алда» қазақ
28 Неткалиева Гульзада Рахметовна «Жүректегі жанартау» қазақ
29 Темирбаев Алмас Кажыбаевич «Жекебатыр» қазақ
30 Дайырбаев Ермек Турсунович «Көкжиегімнің көктемі» қазақ
31 Махсатова Патям Масимовна «Қирғақлар» ұйғыр
32 Смайыл Алдан Зейноллаұлы «Тәңір соты» қазақ
33 Жанапиянова Жанар Калибековна «Жан мен Ар» қазақ
34 Сарыбай Серік Әбікенұлы «Аманат» қазақ
35 Есім Ғарифолла «Дүниетаным баяны « қазақ
36 Асқар Әлібек «Туған жерге туыңды тік» қазақ
37 Кайымов Канат Кабдильрашидович «Көпір астындағы үй» қазақ
38 Салықбай Әбділдабек Жұмабекұлы «Ілияс мінген Қарагер» қазақ
39 Жунусова Кулянда Ехсановна «Өрт жылдардың отты жандары» қазақ, орыс
40 Кемелбаева Айгул Жолдасбаевна «Папирус» қазақ
41 Ысқақ Әкім Әбдіхайымұлы «Алтыным» қазақ
42 Сарай Әнес Төлендіұлы «Ару Алматы» қазақ
43 Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы «Жансар» қазақ
44 Кенебай Жұмаш Айтжұманұлы «Аягөз» қазақ
45 Тілеужанұлы Зейнолла «Қаңбақтың монологы» қазақ
46 Кайырбеков Адилгазы Жаксылыкулы «Ғұмырдария» қазақ
47 Оспан Серік Кәрібайұлы «Балуан шолақ өмірі мен музыкалық мұрасы» қазақ
48 Оспан Серік Кәрібайұлы Сегіз сері (Мұхамедқанафия) Баһрамұлы Шақшақтың өмірі мен музыкалық мұрасы қазақ
49 Кайымова Бибисара «Қазақстан халықтарының ертегілері» қазақ
50 Куантаев Нуржан Куантайулы «Бейуақ» қазақ
51 Ақыш Нұрдаулет Бабиханұлы «Аласа таулар аясында» қазақ
52 Телеуова Зияш Агата Кристи «Тайна семи циферблатов. Жеті циферблаттар құпиясы» қазақ
53 Шамахай Қуандық «Менің сатып алған күйеуім» (Әлем жазушыларының таңдаулы прозасы) қазақ
54 Жайлыбай Ғалым «Ай сынығы» қазақ
55 Айдабосынов Есболат Серикбаевич «Тибет аруы» қазақ
56 Бөпежанова Әлия Қахарманқызы «Сахна сәулесі» қазақ
57 Әшімхан Дәулет Дидахметұлы мұрагер, автор  Дидахмет Әшімханұлы «Дъявольский ветер» орыс
58 Муканов Серик Кабиденович «Вкус курта» орыс
59 Омарова Мадина Мырзахметовна «Көмбе нанның дәмі» қазақ
60 Макипов Тимур Советханович, Бектурсунов Нурбай Кенесбекович «Патриотами не рождаются» орыс
61 Адам Мекебаев (переводчик Аслан Жаксылыков) «Тайник в степи» («Құпия қойма») орыс
62 Койшибаев Бейбут Орынбекович «Ұлттық қозғалыс сарбазы» қазақ, орыс
63 Маликова Сауле Зейнуллиновна «Тың эпопеясы» тарих таразысында қазақ
64 Абсадыков Алмасбек Ахметович «Хан Абылай: тарихи тұлға һәм фольклорлық қаһарман « қазақ
65 Камелов Достык Туякович «Хайретдин Болганбаев – свет неугасимой звезды» орыс
66 Асилов Нуртаза Турабекович «История современных войн» орыс
67 Байсеркеұлы Маман «Сахна сыры» қазақ

 

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия іріктеуінен өткен 2019 жылғы шығармалар тізімі

 

р/с Авторы Атауы Тілі
1 Телеуова Зияш «Тірі өлік» қазақ
2 Тұяқбай Төрегелді Рахманбердіұлы «Мың бір масат» қазақ
3 Қуаныш Жиенбай «Бөгет Бұзылған күн» қазақ
4 Алпысбай Әділбек Ыбырайымұлы «Кезбе бұлттар» қазақ
5 Мирзахметов Алмаз Амирбекович «Жеті ирек» қазақ
6 Тлегенов Жанат Жанкашович «Ой тамған» қазақ
7 Қарақыстық Сланқожа Жұмабайұлы «Өлеңім – өмірімнің айнасындай» қазақ
8 Сарин Калқаман Айымгазинович «Ғазал – ғұмыр» қазақ
9 Төкен Әлжантегі «Елең алаң, жалған ай» қазақ
10 Қауымбек Қайсар «Іңір қараңғысындағы көктем» қазақ
11 Тұрғанбек Нұртас Тұрғанбекұлы «Жалқынұр» қазақ
12 Рсаев Танатқан Барақұлы «Аталы сөз-ақылға көз» қазақ
13 Кәпұлы Дәулеткерей «Айтыстар жинағы» қазақ
14 Джунусов Ерлан Тусбаевич «Нараду» қазақ
15 Мұқаш Құлтөлеу Сағатұлы «Сенің терезең» қазақ
16 Яшкурова Орис Яшкуровна «Жіп тұзақ» қазақ
17 Естенов Арасанбай Жексенбекович «Алашапқын» қазақ
18 Алджамбаев Шаяхмет Уразымбекович «Аттила» қазақ
19 Қорғасбек Жүсіпбек Нұрақынұлы «Қыш адам» қазақ
20 Жылқыбаев Досхан Аңсағанұлы «18:47» қазақ
21 Тілегенов Асылан Біржанұлы «Хадия» қазақ
22 Қабылша Толқын Шақарбекқызы «Осы бір сәт ұнайды» қазақ
23 Талапов Шерхан Талапұлы «Катарсис» қазақ
24 Кенесбекова Салтанат Амангельдикызы «Таңсәрі» қазақ
25 Исламгалиев Айбол Саматович «Жетінші авеню» қазақ
26 Асель Омар «Алфавит» орыс
27 Әуелхан Күлманат «Өң мен түс» қазақ
28 Елгезек Ақберен Елгезекұлы «Шаһар кезген» қазақ
29 Кенжебаев Турмаганбет Ердешович «Кәусар» қазақ
30 Жуманова Заря Амировна «Запах дождя» орыс
31 Доспанбетов Узакбай Абдыкеримович «Жәлменде би» қазақ
32 Ергөбек Құлбек «Адамның бір қызығы бала деген…» қазақ
33 Рақышева Айзат Сериковна «Балалықтың соңғы күзі « қазақ
34 Бауыржан Қарағызұлы «Ұлы даланың ұландары» (өлеңдер) қазақ
35 Кумисбаев Шәкен «Сәби болғым келеді» қазақ
36 Юпов Тойшыбек Иіпұлы «Ұмытпа ұлылардың ұрпағысың» қазақ
37 Бейсембек Тілеуғазы Рымбекұлы «Зерек бала» қазақ
38 Үсен Серік «Қыранның балапаны» қазақ
39 Байхонов Серикбай Муслимович «Алып пен қалып» қазақ
40 Оспанов Әбдісаттар «Даналар Жайлы Дастан» қазақ
41 Дүйсебай Дүрәлі «Қазақ спорты: ой-шежіре» қазақ
42 Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы «Өмір-күрес» қазақ
43 Алмашев  Жолтай Алмашевич «Сөз жұпары» қазақ
44 Кулманов Тоганбай Кулманович «Темір желіге байланған тағдыр» қазақ
45 Шамахай Қуандық «Қаламгердің ізі қағазда қалады» қазақ
46 Бектурсынов Нурбай Кенесбекович «100 казахских батыров» орыс
47 Домбай  Нұрперзент Жандәулетұлы «Ұлт жаны» қазақ
48 Жағыпар Жылқыбай Жағыпарұлы «Қалам киесі» қазақ
49 Алпейсова Камал Абилкасымқызы «Қайтсек ұрпақ, өседі өрелі боп» қазақ
50 Фазылжанова Анар Муратовна «Сөз сазы және интонация « қазақ
51 Молтобарова Күмісбала Ищанқызы «Мәдениеттану» қазақ
52 Абсадыков Алмасбек Ахметович «Ер Кейкі – ел есінде» қазақ
53 Тлешов Ербол Ердембекович «Алаш туы астында» қазақ
54 Ахметов Арман Киятович «Ұлы дала билеушілері: қазақ сұлтандарының тарихы мен тағдыры» қазақ
55 Тойбек  Жұлдыз Райымбекқызы «Руханият» қазақ
56 Садыр Берік Әкімқожаұлы «Әлем әзіл әңгімелері» қазақ
57 Демеш Кеңесбек Мыңжасарұлы «Шейх Амет Құдайдад Тарази. Көркемсөз өнері» қазақ
58 Кәріп Өмірбай Кәріпұлы «Белес» қазақ
59 Есдәулет Ұлықбек Абильхаят или Легенда о живой воде орыс
60 Тохан Бодаухан «Қазақ тіліндегі көне және сирек қолданыстағы сөздер сөздігі» қазақ
61 Кожахметова Магира «Менің шашылған энциклопедиям» қазақ
62 Тұрсын Құдайберген Жұмаханұлы «Қазақ телеэкраны: арналар тарихы мен есімдер» қазақ

 

dalainform.kz