Ақтөбе тұрғыны TikTok-та оқушы қыздардың жалаңаш суреттері мен видеоларын 10 000 теңгеге сатып алған
Бұл туралы парламент сенатының депутаттары мәлім етті
Ақтөбе облысының 28 жастағы тұрғыны 8-11 жас аралығындағы қыз балаларды алдап, олардың жалаңаш суреттерін порнографиялық сайттар арқылы 700 мың теңгеге сатқан. Бұл туралы сенат депутаттары мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ақпараттық кеңістіктегі балалардың қауіпсіздігі, кибербуллинг, онлайн платформалардың, әсіресе, TikTok әлеуметтік желісінің жастарға теріс әсері туралы айтқан депутаттар жаға ұстарлық мәліметті жария етті: Ақтөбеде ер адам TikTok желісі арқылы 8-11 жас аралығындағы оқушы қыздарды алдап, олардың жалаңаш суреттері мен видеоларын 10 000 теңгеге сатып алған. Одан әрі қаскөй материалдарды порнографиялық сайттарға қайта сатып, қыруар ақша тапқан.
Дереккөзге сүйенсек, қазір жастарымыз негізінен қытайлық TikTok платформасын қолдануға әуес.