Без рубрики

Жылдық табысы 670 миллион теңгеге жеткен тараздық парфюмер Нұрсұлтан Мұратбековтің әтірлері шетелдіктерді қызықтырып жатыр

Нұрсұлтан Мұратбеков – Тараздың тумасы. 30 жастағы кәсіпкер «Forbes Kazakhstan - 2023»  қатысушыларының рейтінгісінде үздік 30 кәсіпкердің қатарына кірген. Жерлесіміз 2021 жылы «Parfum de Vie» атты брендін шығарған. Нұрсұлтанның парфюмдері Қазақстан мен Ресейде танымал. Енді жас кәсіпкер өнімдерін Катар, Қытай, Өзбекстан мемлекеттеріне экспорттамақшы, деп жазады jambylinfo.kz.

«Parfum de Vie»  -  қазақ бренді


Бүгінгі таңда Нұрсұлтанның «Parfumer Kazakhstan» компаниясы күн сайын 5000-ға жуық парфюм өнімдерін жасап шығарады. Сондай-ақ, олар  «Эйр Астана» компаниясын диффузорлармен қамтамасыз етіп отыр. Бір сөзбен айтқанда, «Parfum de Vie» компаниясы бұл -  54 хош иісті парфюм, үйге арналған диффузорлар және балаусыздар.


Қазіргі кезде «Parfum de Vie» бренді Қазақстанның 13 қаласындағы «Beautymania»», «MonAmie», «Золотое Яблоко», «Французский дом» секілді ірі сауда үйлерінде сатылып жатыр. Бағалары да қолжетімді. Кәсіпкердің айтуынша, өнімдердің 70 пайызы тікелей зауыттан көтерме бағамен сатылса, қалған 30 пайызы дүкендерде сатылады. 

Жылдық табыс - 670 млн теңге

 «Parfumer Kazakhstan» ЖШС –нің 2022 жылы табысы 237 млн тенгені құраса, 2023 жылы 670 млн теңгеге бірақ жеткен. 
Жас кәсіпкер алдағы мамыр айында «Хош»  атауымен күтімге арналған косметиканың түр-түрін шығаруды жоспарлап отыр.  

Қарапайым отбасынан шыққан жігіт қалай табысты кәсіпкерге айналды?


Нұрсұлтан Мұратбеков өте қарапайым отбасынан шыққан. Таразда орта мектепті аяқтаған соң арман қуып Алматыға жол тартқан. Сауда орталықтарында жұмыс істеген.  Ал 2019 жылы ол түркиялық «David Walker» парфюм компаниясына жұмысқа орналасады. Осылайша, Нұрсұлтан «Parfum de Vie» қазақ брендін шығаруға кіріседі. Нұрсұлтанның  басты арманы -  әлем мойындайтын «ерекше қазақ иіссуін» шығару.