Қазақстан

14 жастағы қызға білгенін істеген қылмыскер Ресейден экстрадицияланды

Ол қылмысынан кейін шекара асып кеткен

Ресей 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ер адам 2023 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасармен жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. 2024 жылдың сәуір айында ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды.

Айта кетейік, аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.