Қазақстан

Доллар бағасы қымбаттады

Ресей рублі 6,68 теңгеге дейін өсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Доллардың орташа сараланған бағамы 537,63 теңгені құрап, 3,46 теңгеге қымбаттады.

Ресей рублі 6,68 теңгеге дейін (+0,03) өсті.

Қытай юанының орташа сараланған бағамы таңертеңгі саудада 75,02 теңгені құрап, 0,43 теңгеге көтерілді.

Айырбастау пункттерінде доллар 536,9–539,5 теңгеге, еуро 623–627 теңгеге, рубль 6,57–6,69 теңгеге саудалануда.