Қазақстан

Елімізде 1200-ден астам елдімекенге тасқын қаупі төніп тұр

ТЖМ өкілі зардап шеккендерді қабылдауға арналған 3,5 мыңнан астам пункт дайындалғанын айтты

Елімізде 1200-ден астам елдімекенге су тасқыны қаупі төніп тұр,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының м.а Әсет Жылқайдаровтың айтуынша, бүгінгі таңда ел бойынша су тасқыны қаупі бар елді мекендер саны 1223 құрайды. 

ТЖМ өкілінің айтуынша, зардап шеккендерді қабылдаудың 3,5 мыңнан астам пункті дайындалды, броньнан шығарылған жағдайда тіршілікті қамтамасыз ету құралдары мен мемлекеттік материалдық резерв техникасы айқындалды.