дүйсенбі, 21 қазан, 2024 17:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 345 адам ата-ана құқығынан айырылған

Елімізде 345 адам ата-ана құқығынан айырылған
фото - ашық дереккөзден
Өйткені, баласына дұрыс тәрбие бере алмаған

Биыл 9 айда баласына дұрыс тәлім-тәрбие бере алмаған 345 адам ата-ана құқығынан айырылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабына айтылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Бас прокуратура деректеріне сәйкес, кәмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылықтың жоғары деңгейі сақталып отыр. Айталық, осы жылдың 9 айында балалар қылмысының 50 фактіге (2024 жылдың 9 айында – 1 263, 2023 жылдың 9 айында – 1213 қылмыс) өскені байқалады. 2024 жылдың 8 айында балаға тәлім-тәрбие беру міндетін лайықты орындамағаны үшін 84 мың заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 345 адам ата-ана құқығын айырылды. Девиантты мінез-құлқы бар 125 жасөспірім балаларға арналған арнаулы мектепке жіберілді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған 4 арнаулы мектеп бар. Оларда 161 бала тәлім-тәрбие алып жатыр. Сондай-ақ, Абай облысында ұстаудың айрықша режимі бар бір арнаулы мектеп (13 бала тәлім-тәрбие алып жатыр) жұмыс істейді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар