Елімізде техникалық байқау жүргізуге рұқсат беретін орган белгілі болды
Бұл туралы қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды
Елімізде техникалық байқау операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган айқындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоба 2024 жылғы 3 қазанда қабылданған көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша «Жол қозғалысы туралы» заң шеңберінде әзірленді.
Қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі, ал 18 қарашаға дейін жұртшылық талқысына ұсынылып отыр.