Тоқаевтың кортежі жүретін жерден қарулар табылды
Бұл туралы ІІМ мәлімдеді
Түркістан облысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев кортежінің бағытын тексеру кезінде атыс-қарулары табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдіктілерді ұстау үшін қажетті жедел іздестіру және тергеу шаралары кешені жүргізілуде.
Еске салайық, 27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған еді.