Жазда қанша оқушы лагерьлерде демалатыны белгілі болды

Оқу-ағарту министрлігі жазғы науқанға дайындықты бастады
Елімізде биылғы жазда 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерьлер мен 512 шатырлы кемпингтер ашылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025 жылдың жазғы кезеңінде сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтудың түрлі бағдарламаларымен 3,1 млн баланы қамту жоспарлануда. Оның ішінде 500 мыңнан астамы әлеуметтік осал санаттағы балалар. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 10 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады.
Барлық ұйымдастырушылық мәселелер 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары шеңберінде пысықталуда. Осы мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Биылғы жазда жұмысты бастауды жоспарлап отырған демалыс орталықтарының тізімі дайындалды.