Қоғам

1 қыркүйек – демалыс күні: алғашқы қоңырау қашан соғылады

Биыл 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні сенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты демалыс күні 1 қыркүйекке – дүйсенбіге ауыстырылады. Бұл жағдай мектептегі алғашқы қоңырау салтанаты қай күні өтетініне қатысты сұрақ туындатты.

Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрдің айтуынша, биыл ресми түрде оқу 2 қыркүйекте басталады.

Министрдің сөзінше, салтанатты жиын негізінен бірінші сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Бұл – балалар үшін ерекше мәні бар күн.