Облыстық филиал партияішілік іріктеу праймеризін өткізуге сақадай сай

0 74

«Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу праймеризі 17 тамыздан бастау алды.
​Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 — 29 тамыз, 7 қыркүйек – 3 қазан аралығында үгіт жұмыстары кезеңі. Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев брифинг өткізіп, алда атқарылатын жұмыстарына тоқталды.

Өңірде аталған шараны жоғары деңгейде өткізу бойынша кешенді жоспар әзірленген. Арнайы Ережесі, күнтізбелік жоспары, ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары бекітілген.
Ұйымдастыру комитеттері (145 адам) мен есеп комиссияларының (831 адам) құрамдары жасақталған.
Аудандық (қалалық) филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары, ұйымдастыру комитеті мүшелерімен праймериз тәртібін түсіндіруге бағытталған 15 семинар өтіп, тиісті нұсқаулар берілді.
​- Өңірде 55 мыңға жуық мүшені қамтитын (54 мың 791 партия мүшесі, жалпы сайлаушылардың 4,7%) 266 бастауыш партия ұйымдары бар. Дауыс беру тәсілі карантин жағдайы ескеріле отырып, онлайн және дәстүрлі (бюллетень) түрде өткізу көзделген. Онлайн форматында дауыс беру 1-3 қазан аралығында, ал, дәстүрлі дауыс беру тәсілі 3 қазанда өтеді. ​
​Дәстүрлі дауыс беру үшін 177 орын-жайлар белгіленді.
​Ауылдық клубтар мен мәдениет үйлері – 111, мейрамханалар – 20, зауыттар – 6, үй-жайлар – 7, кинотеатрлар – 2, жеке меншік иелері (АҚ, ЖШС) — 31​​. ​Сонымен қатар, праймериздің тағы бір ерекшелігі- барлық үміткерлер жария пікірсайыстарға қатысып, өз өңірлеріндегі өзекті мәселелерді талқылайтын болады. Бұл үшін арнайы 44 орын-жайлар анықталып, нысан иелерімен келісім-шарт жасасу жұмыстары аяқталды. Аталған орын-жайлар қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталуда (трибуна, микрофон және т.б.).
​Маңызды мәселенің бірі- онлайн дауыс беруге қатысатын партия мүшелерінің ұялы телефон нөмірлерін өзектендіру жұмыстары толық аяқталды.
​Дәстүрлі дауыс беруге арналған 12905 (жалпы партия мүшелерінің 23%) сайлау бюллетендеріне келісім-шарт әзірленіп, Орталық аппаратқа жолданды, — деді Балабек Нарбаев.
​ Одан бөлек, барлық өңірлік филиалдарда «Қауырт желі» байланысы іске қосылған. Тұрғындардың праймеризге қатысты сұрақтарына жауап алу мүмкіндіктері бар.
​Бүгінгі таңға праймеризге қатысуға облыс бойынша 33 үміткер өтініш білдіріпті. Ол үміткердің 9-ы әйелдер, 11-і 35 жасқа дейінгі азаматтар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.