Қоғам

«15 жыл көніп келемін». Танымал актер Жахан Отарғалиев алғаш рет бедеулігі туралы ашық айтты

Жаңа сұхбатында актер өмірінің қиын кезеңдерін айтқанда, көңілі босап кетті

Қазақстандықтарға танымал актер Жахан Отарғалиев жаңа сұхбатының анонсын жариялады. Әзірге instagram желісіндегі жеке парақшасында сұхбаттың үзінділерін жариялап, көптің назарын аударды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Журналист Зарина Мүслімге берген сұхбатында актер дәрігердің қойған ауыр диагнозы оны қатты депрессияға түсіргенін айтты.

Сонымен қатар әртіс бұндай диагнозы туралы өмірде тек екі адамға – анасы мен ағасына ғана айтқан екен. Актердің айтуынша, ол балалы-шағалы достарының отбасына қонаққа барғысы келмейді. Өйткені, балаларымен ойнап жүрген достарының өміріне қызығып, жарасы тереңдей береді.

Актер өмірде баласын тастап кететін адамдарды ешқашан түсіне алмайтынын айтып, үлкендердің қиындығы үшін бала кінәлі емес екенін алға тартты.