17 отбасына азық-түлік себеті берілді

0 103

Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің қызметкерлері ұйымдастыруымен асыраушысынан айырылған көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, Сарыкемер ауылында тұратын 17 отбасына азық-түлік беріліп, 172 400 теңге қаржы жұмсалды.

  Сондай-ақ, Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиевке отбасылық жағдайына байланысты өтініш білдірген көп балалы анаға ем қабылдауға және пәтер ақысын өтеуге қаржылай 30 000 теңге көмек берілді. Балаларға тәттілер таратылды.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.