«2,5 МИЛЛИОН ТАБЫСЫМ ЖОҚ!»

68

Мен, Бану Саматқызы СЕРІК интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде мен туралы тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарамын!
ERNUR.KZ ақпараттық порталына шыққан «Тараздық келін қанша табыс табатынын айтты» мақаланы, орыс тіліне өзге сайттар қате аудармасын жасаған. «Хоть является домохозяйкой, но зарабатывает в месяц от 1миллиона до 2,5 миллиона тенге благодаря открытой «Школе келинок», — деп жазғандары шындыққа жанаспайды. Менде ешқандай «Келіндер мектебі» жоқ!
Алдағы уақытта «Студия» ашу жоспарда бар. Менің жеке инстаграмм парақшам Serikova_cook бар екенін растаймын, осы парақшамен жұмыс жүргіземін. Басқа ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймын!

Ізгі тілекпен – аспаз Бану Серік.