7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

0 36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.

Синоптиктердің болжауынша, 7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді. Сондықтан кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста күшті желмен шаңды дауыл соғады. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Ақмоланың кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады. Алматы, күндіз Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде — найзағай ойнап, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде минус 1-3 градус үсік жүреді. Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.