Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды.
54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды.
Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен.
Арнайы операция барысында:
200 келі мефедрон;
2 тоннадан астам прекурсор;
химиялық реактор;
түрлі жабдықтар тәркіленді.
Айта кету керек, прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған.
Полиция есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға тосқауыл қоюды жалғастырады.