Адамдар қандай жол-көлік оқиғаларынан зардап шегеді?
Адамдар қандай жол-көлік оқиғаларынан зардап шегеді?
Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы адамдардың қандай жол-көлік оқиғасына жиі түсетінін анықтады. Жолдағы апаттардың себебі әртүрлі. Еліміздің Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша ең кең тараған түрі – жылдамдықты асыру. 2019 жылы апаттардың 34%-ы жылдамдықты асырудан болған. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларына ауа райының қолайсыздығы, түнде жол жүру, көлікті мас болып жүргізу де негіз болады. Бұл жағдайда жүргізушімен бірге жолаушылар, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер немесе басқа көліктің иелері зардап шегуі мүмкін.
Әлемдік статистика әлпеті
Әлемдегі COVID-19 салдарына қарамастан (66,6 млн – ауырғандар саны және 1,5 млн – қайтыс болғандар), көлік апатының зардабын шеккендер ауқымы пандемиядан қалысар емес. ДДҰ мәліметтеріне сәйкес жол жүру барысында әлемде жыл сайын 3 миллионнан астам адам өмірімен қоштасады немесе жарақаттанады. Сарапшылар бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай жылына 3,6 миллионға дейін өседі деп болжайды. Ең көп адам өлімі мен жарақаттану Үндістанда тіркелген. Онда 1 миллион халыққа 220 апаттан келеді. Апаттың жоғары көрсеткіштері Қытайда (180) және АҚШ-та (114) тіркелген. Бұл басқа елдердің статистикасынан елеулі түрде артық.
Норвегия жолдары әлемдегі ең қауіпсіз болып саналады. 1 млн халыққа бар болғаны 20 оқиғадан айналады. Сонымен қатар апаттың ең төмен көрсеткіші Швецияда (25), Жапонияда (25) және Ұлыбританияда (30) тіркелген.
Қазақстандағы көрсеткіш қандай?
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтеріне сәйкес 2020 жылдың 9 айы ішінде шамамен 9 мың апат тіркелген, зардап шеккен адамдар саны 13 мыңнан асады. Әрине, былтырғымен салыстырғанда, көлік апатының көрсеткіші 22,2%-ға төмендеген. Бұл төмен көрсеткішке жол жүруді карантин кезінде шектеу негіз болғаны белгілі. Барлық ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда бес жыл ішінде 86,3 мың жол-көлік оқиғасы орын алған.
Көлік апаты көп болған аймақтар ретінде жыл сайын Алматы және Алматы облысы тіркеледі. Бес жыл ішінде бұл өңірлерде көлік апаты салдарынан 24 847 және 10 343 адам зардап шеккен. Ең аз жәбірленушілер Шымкент қаласы және Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген – 692 және 1 120 оқиға.
Жол-көлік оқиғасының түрлері
Ең кең тараған ЖКО түрі – жаяу адамды қағып кету. Соңғы бес жыл ішінде елде аталған түрдің 37 032 оқиғасы тіркелген. Бұл Алматы және Алматы облысында жиі болады – 12 318 және 4 086 оқиға. Ең азы Шымкентте және Солтүстік Қазақстан облысында – 431 және 433 оқиғадан тіркелді.
ЖКО санаты бойынша екінші орында – көліктердің соқтығысуы. Одан 29 723 қазақстандық зардап шеккен. Көбісі Алматы және Алматы облысында – 8 259 және 3 776 адам, ал ең азы Шымкентте және Солтүстік Қазақстан облысында – 179 және 420 адамнан.
ЖКО санаты бойынша үшінші орында – көліктің аударылуынан адамдардың қатты зардап шегуі мүмкін оқиғалар. Көлік аударылуының 6 925 оқиғасы тіркелген. Зардап шеккендердің көбісі Алматы облысында – 1 056, Алматы қаласында – 933 және Жамбыл облысында – 892. Апаттың ең төмен көрсеткіштері – Шымкентте (13 оқиға) және Нұр-Сұлтан қаласында (24 оқиға).
Содан кейін статистикадағы ең кең тараған ЖКО түрі – бөгеттерге соқтығу. Бес жыл ішінде бөгеттерге соғылған ЖКО саны – 3 969. Соның ішінде 933 және 857 оқиғасы Алматы және Алматы облысында болған. Ең аз апат саны Шымкентте, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында – 23, 33 және 44 оқиға.
Соңғы бес жыл ішіндегі көрсеткіштері ең төмен ЖКО санаттары бар. Мысалы, жолаушының көлік салоны ішінде немесе көлік шанағында құлауы салдарынан 2 794 қазақстандық жапа шекті. Велосипедшімен соқтығысу кезінде – 1 665 адам, ал тоқтап тұрған көлік құралына соғылуы кезінде – 1 339 адам. Ең аз ЖКО жануарларды басып кету барысында болған – 643 оқиға.
Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген оқиғалардың біріне де жатпайтын 2 165 оқиға тіркелген.
Назар аудару қажет, көлік апаты статистикасында ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелмеген, көлік иелері бұл жағдайларда құқық қорғау органдарына және өтем алу үшін сақтандыру компанияларына жүгінбеген.
Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес биыл 10 ай ішінде сақтандырушыларға ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша 22,2 млрд теңге төленген, бұл былтырғымен салыстырғанда 4%-ға төмен. КАСКО ерікті сақтандыру бойынша төлем сомалары биыл 42,9 млрд теңгені құраған, бұл былтырғыдан 3% аз.
«Күрделі ЖКО болған жағдайда, егер зардап шеккендер бар болса, бірінші кезекте медициналық жедел көмекті және міндетті түрде жол полициясы қызметкерлері мен апаттық комиссарды шақырту қажет. Олар келгенше автомобиль орнынан қозғалмауға тиіс. Егер нұқсан мөлшері 350 мың теңгеден аспайтын болса, сақтандыру компаниясы өтемақысын оқиға болған жерде қолма-қол төлеуі мүмкін. Бұндай ереже тек Freedom Finance Insurance СК-да бар», дейді Freedom Finance Insurance СК өкілдері.