Қоғам

«Қаланың баласы жайлаудың не екенін білмейді»: Жұлдыз Әбдікәрімова  жазда балаларына оқытатын кітап таппай жүр

Актрисаның айтуынша, қазір қазақ тіліндегі шығармашалар қаланың балаларына арналмаған

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жазғы демалыс кезінде балаларына оқытатын кітап таппай, әлекке түскен, деп жазады jambylinfo.kz. 

Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Оның айтуынша, кітап дүкендерінде сатылатын қазақ тілді шығармалар «бұрынғы заманның» өмірінен сыр шертеді.  

Сөз соңында ол оқырмандарынан кеңес сұрап, «бәлкім мен білмейтін фентези жанрында шығармалар бар шығар, жаза отырыңыздар» - деп жазған.