Талас ауданының Құрметті азаматы Балтабай Бекежанов өмірден озды

48

77 жасқа қараған шағында Талас ауданының Құрметті азаматы Балтабай Бекежанов өмірден озды.

Балтабай Бекежанов 1944 жылы 4 мамырда Талас ауданы, Ойық ауылында туған. 1969 жылы Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын «Ойық» кеңшарында механизатор болып бастап, институтты бітірген соң, Жамбыл аудандық «Сельхозтехника» мекемесінде аға инженер болды. 1973-1975 жылдары Жамбыл ауданы, «Қаракемер» кеңшарында, 1975-1985 жылдары Талас ауданының «Ойық» кеңшарында бас инженер-механик қызметін атқарды.  1985 жылдың сәуірінен қазан айына дейін Талас аудандық «Сельхозтехника» мекемесінің директоры болса, 1985 жылдың қазан айынан  1994 жылдың қыркүйек айына дейін «Кеңес» кеңшарының директоры, «Бөлтірік» өндірістік кооперативінің төрағасы қызметтерін абыройлы атқарды. 1994-1997 жылдары Талас ауданының әкімі, 1997-2007 жылдары Талас ауданы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен зейнетке шықты. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен, бірнеше медальдармен марапатталған. Талас ауданының Құрметті азаматы.  Жұбайы Сайлаукүл Көпбергенова екеуі Нұржан, Индира, Камшат атты үш  перзент тәрбиелеп өсірді. Марқұмның асыл бейнесі біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады.

Облыс әкімінің аппараты, облыстық мәслихат, облыстық ардагерлер кеңесі.