Алексей Цой карантин талабы қандай жағдайда күшейетінін хабарлады

0 33

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин талабы қандай жағдайда күшейетінін айтты.

Министрдің айтуынша, карантин талабын күшейтудің бірнеше өлшемі бар.

«Басты өлшемнің бірі — ауруханалардағы төсек орындарың 70 пайызға толуына байланысты. Егер төсек-орындарда орын жетіспеушілігі туындаса, бұл мәселені мемлекеттік комиссияның отырысында көтереміз. Ал қазіргі таңда төсек орындар 15 пайызға толған. Бүгінгі таңда біз елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылап отырмыз. Қазіргі таңда жағдай тұрақты», деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.