Алматыда ұлы зағип анасын қанжоса етіп сабаған
Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады
Алматыда ішімдікке тәуелді ұлы 76 жастағы зағип анасын қанжоса етіп сабаған. Бұл туралы телеграмдағы арнасында «НеМолчи» ұйымының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қарт әженің көршілері оның таяқ жегеннен кейінгі суретін түсіріп, Дина Таңсәріге жіберген.
Осы жазбадан кейін жағдайды назарға алған полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірген.