Қоғам

«Анамын, келінмін, жармын»: Айжан Аймағанова алғаш рет жеке өмірі, балалары мен күйеуі туралы айтты

Ол жолдасымен бірге екі қыз және бір ұл тәрбиелеп отыр

Қуандық Бишімбаевтың ісіндегі мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова алғаш рет көлемді сұхбат беріп, балалық шағы, отбасы мен жеке өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Tengri TV» арнасына сұхбат берген Аймағанова балалық шағын есіне алып, алғашқы ұстаздарына алғыс айтты.

Прокурордың айтуынша, ол әуел баста судья мамандығына құжат тапсырғысы келген. Жасына байланысты және өзге де себептерге байланысты құрбысы екеуі прокурор мамандығына құжат тапсырған.

Айжан Аймағанованың бір әпкесі мен бір сіңілісі бар. Олар үйлі-баранды жандар. Аймағанованың өзі де тұрмыста.