Қоғам

Қарияларға құрмет көрсетілді

Қарияларға құрмет көрсетілді

Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығында 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қарияларды мерейлі мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Арнайы жайылған дастарқан басына аймақтың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-мәдени дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері шақырылып, аймақ басшысымен емен-жарқын әңгіме құрды.

Жиында сөз алған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қазыналы қариялардың елдің гүлденуіне қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, ақ тілегін айтты.

 

 width=Мұнан соң сөз алған облыстың құрметті азаматы, ардагер-журналист Баттал Жаңабайұлы облыс басшылығының тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық пен ілтипатқа алғысын айтты.

Қала тұрғыны Раиса Оразалықызы да ақжарма тілегін әсем әнмен жалғап, мерекелік кештің ажарын ашты.

Ардагерлер кездесу барысында ономастикаға қатысты мәселелер мен басқа да ұсыныстарын тілге тиек етті. Ардагерлердің сөзін назарға алған облыс басшысы, аталған мәселерді қолға алуға уәде етті.

Мерекелік жүздесуден соң облыс басшысы бастаған топ облыстық ардагерлер ұйымының ғимаратына барып, ондағы тіршілікпен танысып, қариялармен тілдесті.

 width=

Айжан Өзбекова