Қоғам

Астаналық мүгедек әке жалға көлік алып, табысына балаларын асырап жүр

Аслан Құлмағамбетовтің жары бірнеше жыл бұрын қайтыс болған екен

Әкелер мерекесі қарсаңында мүгедектігі болса да көлікті жалға алып, балаларын асырап жүрген қайсар әке табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Астаналық Аслан Құлмағамбетовтің жары бірнеше жыл бұрын көз жұмған. Ер адамның екінші топтағы мүгедектігі бар. Ол ұлдарын жалғыз өзі өсіріп отыр. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан көлікті жалға алып, күнделікті нәпақасын тауып жүр.

Қайсар әкенің баласы Мұхамедәли Болатбек қалай күн кешіп жүргенін айтты.