Қоғам

Атасының өлгенін мемлекеттен жасырып, зейнетақысын алып отырған азамат 3 жылға сотталды

Ол марқұмның несібесін 3 жыл бойы шотынан алғаны үшін жазаланды

Прокуратура атасының өлгенін мемлекеттен жасырып, жылдар бойы зейнетақысын алып келгенін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Прокуратураның дерегіне сүйенсек, Ақмолада зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жүргізілген талдау барысында 1937 жылы туған зейнеткердің 2021 жылы Зеренді ауылында қайтыс болғаны анықталған. Ал, оның өлгенін мемлекеттен жасырған пайдакүнем немересі қайтыс болған адамның зейнетақы банк картасын пайдаланып, зейнетақы төлемдерін жүйелі түрде алып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгені құрайды.