Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды
Әншінің соты онлайн режимде өтті
5 шілдеде Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарап, судья оны 15 күнге қамауға алу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сотта әнші өз кінәсін толық мойындаған. Ал жәбірленуші Асылбек Бекқайыров Қайрат Нұртаспен татуласқанын алға тартып, әншіге мүлдем шағымы жоғын айтқан.
Алайда прокурор екі тараптың татуласқанына қарамастан Қайрат Нұртасты ұшақтағы оқиға үшін 15 тәулікке қамауға алуды талап етті.
Осылайша, әнші судьядан алдағы күндері өзінің гастрольдік жоспары бар екенін айтып, қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрағанымен, оны15 тәулікке қамау туралы үкім шығарған.
Еске салайық, әнші 4 шілдеде Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақтың бортында жолаушы Асылбек Бекқайыровты соққыға жыққаны белгілі болған.