Қоғам

Қайын інісі бала сүйе алмай жүрген ағасы мен жеңгесіне ЭКО арқылы сәби сыйлаған

Бұл отбасының оқиғасы қазақстандықтарды тебірентіп жатыр

Танымал журналист, «Мәриям» қорының негізін қалаған Ләйлә Сұлтанқызы эко арқылы бала сүйген тағы бір отбасы – Әлім мен Эльмира есімді ерлі-зайыптылардың оқиғасын көпке жария етті, деп жазады jambylinfo.kz.

Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берген Эльмира бұл қайын інісінің сыйлығы екенін айтты.

Ләйлә Сұлтанқызы жазғандай, Әлім мен Эльмира осы сыйлықтың арқасында қыз бала сүйіп, қазір бақытты ата-ана болып отыр. Журналистің оқырмандары болса жеңгесінің өміріне алаңдап, осындай сыйлық жасаған қайын інісіне ризашылық танытқан.