Қоғам

Айыртау ауданында анасы мен 8 баласы ыс тиіп уланып қалды

Олар небары екі күн бұрын көшіп келген үйдің пеші дұрыс жанбағаны анықталды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антоновка ауылында анасы мен оның 8 баласы ыс тиіп, уланып қалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz жергілікті сайтқа сілтеме жасай отырып.

Оқиға кеше, 25 сәуір күні болған. Оқиға орнына келген 112 қызметі анасы мен балаларын үйден алып шығып, ауруханаға жеткізген.

«Анықталғандай, ыс тиіп уланғандардың бәрі бір отбасының адамдары. Олар: 1990 жылы туған анасы мен оның 2009, 2011, 2012, 2015, 2017, 2018 (арасында бір жылы туған балалар бар) жылдары туған сегіз баласы. Қазір балалар мен анасы аудандағы ауруханада жатыр», - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.