Қоғам

Қазақстанда бала тапқан аналарға тісін емдету үшін біржолғы ақшалай төлем беру ұсынылды

Сондай-ақ мәжіліс депутаттары әділетті әрі лайықты ана капиталын енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров көпбалалы аналарға тісін емдету үшін бір реттік ақшалай төлем жасауды ұсынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.


Amanat партиясы фракциясының мүшесі премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында ерекше ұсыныс жасады. Сайыровтың айтуынша, ана бала көтергенде құрсақта нәрестенің қалыптасуына кальций көп жұмсап, өз тісінен айырылатыны – медициналық факті. 


Сондай-ақ ол елімізде көрші Ресейдегі секілді ана капиталын енгізуді ұсынды.