Қазақстанда депутат Superman рөлінде видеоға түсіп, кейін видеоны желіден жойып жіберген
«Respublika» партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Руслан Берденов астаналық «Абу-Даби Плаза» төбесінде Superman образында плащ киіп, видео түсірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қаһармандық позицияда түсірілген видеоның мақсаты қандай болғаны белгісіз. Бейнеоператор Әділет Рахметолла роликті жариялағанымен, қазіргі уақытта бұл видео желіде жойылып үлгерген.
Аталмыш видео туралы Руслан Берденовтың жеке аккаунтында да, және партияның парақшасында еш мәлімет жоқ.
Берденов Мәжілісте букмекерлік кеңселер мен құмар ойындардың зиянына қарсылық білдіріп жүретін. Депутаттың TikTok аккаунтында қара плащты қаһарман Бэтменнің суреті қасқайып тұрғанын көруге болады.