Қоғам

Қазақстанда екі күннің бірінде бір бала жол апатынан қаза табады

Бір ай ішінде 15 бала көлік апатынан көз жұмған

Бір айдың ішінде республика бойынша кәмелет жасына толмаған 15 бала жол апатынан қаза тапқан. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.


Оның айтуынша, 15 ақпан күні еліміз бойынша «Сіздің балаңыз жолаушы» атты акция басталған. Оның мақсаты – жол апаттарынан зардап шегетін балалардың санын азайту.

Инспектор атап өткендей, кейбір жағдайда балалар рульдегі ата-ананың жауапсыздығынан қаза тауып жатады. Жалпы, екі апта ішінде Қазақстанда жол қозғалысына қатысты 175 мың ереже бұзылған.