Қоғам

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 92 пайызын қашықтан алуға болады

Сонымен қатар статистика көрсеткендей, азаматтар көбінесе оған смартфондар арқылы – 90 пайызы жүгінеді

 2024 жылы Қазақстанда 340 млн астам мемлекеттік қызмет онлайн-форматта көрсетілді. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 92 пайызын қашықтан алуға болады. Сонымен қатар статистика көрсеткендей, азаматтар көбінесе оған смартфондар арқылы – 90% жүгінеді.

 Мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді монополиясыздандыру шеңберінде негізгі сервистер танымал финтех-платформаларға интеграцияланды, бұл халықты цифрлық қызметтермен қамтуды едәуір арттырды.

 Бұған қоса, қазақстандықтар QR-қолтаңба мен биометрияны сенімді қолдана бастады. Цифрлық құжаттар қызметі ерекше танымал болуда, бір жыл ішінде азаматтар оны 292 млн рет қолданды.