Қоғам

Қазақстанда үш күн жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын оңтүстік циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер анықтайды. Бұл жаңбыр мен найзағайдың жаууына әкеледі.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, 16-18 қыркүйек аралығында республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтілуде. Ал елдің батыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Республиканың барлық аймақтарында желдің күшеюі байқалады. Кезеңнің соңында солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.