Қазақстанда әйеліне тон сатып бермеген ерлер соттала ма
Қазақстанда әзірге дене жарақатын салу, ұрып-соғу, былапыт сөздер үшін ғана жауапкершілік қарастырылған
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха материалдық жағынан күйеуіне тәуелді әйелдер туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Оның айтуынша, зорлық-зомбылық тек күш көрсету дегенді білдірмейді. Қаржылық жағынан тәуелді екенін біліп тұрып, жәбір көрсету де озбырлық саналады.
ІІМ басшысының орынбасары әрбір жағдайды жеке-жеке қарастыру керек екенін атап өтті. Мәселен, Лепеханың айтуынша, шетелде күйеуі тон алып бермеген бір ер адамды сот жауапқа тартқан. Қазақстанда дәл мұндай жағдай әлі қарастырылмаса да құқыққа қайшы мәселелер өзекті болып отыр.