Қазақстанда жат ағымда жақтастары бар 23 жігіт қолға түсті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі 8 өңірде ірі операция өткізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Осы сегіз топтың ішінде деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталып, оның он жетісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал, алты адам ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берген.
Сегіз өңірдегі операцияға күштік құрылымның 250 қызметкері қатысқан.